Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында үздік үштікте қалды

Жарыстың аяқталуына екі тур бар.

Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында үздік үштікте қалды ашық дереккөзден

Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасының тоғызыншы турында Моңғолиямен тең түсті.

Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Үшінші тақтада Меруерт Камалиденова Хишигбаатар Баясгаланнан жеңілді. Артынша бірінші тақтада Бибісара Асаубаева Бат-Эрдэнэ Мунгунзулды ұтып, есепті теңестірді. Үшінші тақтадан кейін Зарина Нургалиева тәжірибелі Батхуягийн Монгонтуулға есе жіберді.

Қазақстан құрамасына қажетті ұпайды Алуа Нурман алып келді. Ол Турмунх Мункхзулды жеңіп, кездесуді тең нәтижемен аяқтауға мүмкіндік берді. Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадада қатарынан үшінші рет тең нәтиже тіркеді.

Тоғыз турдан кейін қоржынында 15 ұпайы бар ұлттық құрама жалпы есепте үшінші орында келеді. Қытай 17 ұпаймен көш бастап тұр. Үндістан мен Моңғолия құрамаларында да 15 ұпайдан бар. Алты команда 14 ұпай жинаған.

Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы Польшамен тең түсті. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Денис Махнёв пен Сауат Нурғалиев өз партияларын тең аяқтаса, Даниал Сапенов жеңіліп қалды. Алдияр Ансат қарсыласын жеңіп, командаға бір ұпай әкелді.

Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз турдан кейін 12 ұпаймен 33-орында тұр. Өзбекстан 16 ұпаймен көш бастап келеді. Үндістан мен Өзбекстан-2 құрамаларының еншісінде 15 ұпайдан бар.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу