Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына қарсы матчқа дайын

Бауыржан Исламхан - ұлттық құраманың жаңа капитаны.

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына қарсы матчқа дайын ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Ұлттар лигасы аясында Фарер аралдарына қарсы өтетін матч алдындағы дайындығы туралы айтты.

Маман баспасөз мәслихатын Қазақстандағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтудан бастады. Ол футболдан бұрын адам өмірінің маңызды екенін атап өтіп, ұлттық құраманың ойыншылары мен жаттықтырушылар штабының ойы қаза болғандардың жақындарымен және барша Қазақстан халқымен бірге екенін жеткізді.

Қазақстан құрамасы матчқа дайындықты шамамен бір апта бұрын бастаған. Футболшылар оқу-жаттығу жиынына біртіндеп қосылып, алғашқы күні командада 17-18 ойыншы болған. Құраманың толық жиналуына үш-төрт күндей уақыт кеткен.

Жиын басталар алдында бірнеше футболшы жарақат алып, олардың орнына басқа ойыншылар шақырылды. Бұл ұлттық құрамаға жаңа футболшылардың өз мүмкіндіктерін көрсетуіне жол ашты.

Бір аптаға созылған жаттығулар барысында ойыншылардың жоғары қарқынмен жұмыс істеуге деген жігері мен ынтасы байқалды. Енді Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы алғашқы матчын Фарер аралдарына қарсы өткізуге дайын.

Айта кетейік, баспасөз мәслихатында енді ұлттық құраманың капитаны Нұралы Әліптің орнына Бауыржан Исламхан болатыны белгілі болды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу