Альфия Тлекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды

Турнирге әлемнің 44 елінен 290 спортшы қатысып жатыр.

Альфия Тлекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды ашық дереккөзден

Қазақстандық спортшы Альфия Тлекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Альфия Тлекқабыл J1 класында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Финалдық белдесуде отандасымыз Бразилия өкілі Де Андрадені иппонмен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жарыс күнінде тағы екі медаль түсті. J1 класында 70 келіге дейінгі салмақта Асылан Нұрдаулетов күміс жүлдеге ие болды. Ал J2 класында 70 келіге дейінгі салмақта Ибрагим Нұрмаханұлы қола медаль еншіледі.

Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы пара дзюдодан әлем чемпионаты 25-27 қыркүйек аралығында өтуде. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу