Азиада: Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай ширек финалға шықты

Өкінішке қарай, бүгін Қазақстан құрамасынан Виктория Графеева жарыс жолынан шығып қалды.

Азиада: Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай ширек финалға шықты ашық дереккөзден

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия Ойындарында 26 қыркүйек күні Қазақстанның үш боксшысы шаршы алаңға шықты.

60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева жарыс жолын алғашқы жекпе-жектен кейін аяқтады. Қазақстандық боксшы Тайпей өкілі Линь Юй-Тинмен кездесіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан 1/8 финалда Иран боксшысын 5:0 есебімен жеңіп, Азия Ойындарының ширек финалына жолдама алды.

Ал 90 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай 1/8 финалда Ауғанстан өкілі Силаб Нуриді 5:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. Олимпиада-2024 күміс жүлдегері жекпе-жекті сенімді өткізді. 

Нұрбек Оралбай 28 қыркүйекте ширек финалда әлем чемпионы, өзбекстандық Турабек Хабибуллаевпен кездеседі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу