Қазақстан жастары Англияға есе жіберді

Матч Англия құрамасының пайдасына 4:2 есебімен аяқталды.

Қазақстан жастары Англияға есе жіберді ашық дереккөзден

Қазақстанның жастар құрамасы Еуропа чемпионаты-2027 іріктеу кезеңінің сегізінші турында Англияға қарсы ойында жеңіліп қалды. Кездесу Вулверхэмптондағы «Молинью» стадионында өтті.

Қазақстандықтар матчтың 3-минутында есеп ашты. Бұрыштамадан кейінгі допқа Артем Литош бірінші болып жетіп, команданы алға шығарды.

Алайда голдан кейін Қазақстан құрамасы қорғанысқа көбірек көңіл бөліп, алаң иелеріне қысым жасауға мүмкіндік берді. Қорғаныстағы қателіктердің бірінен кейін Әли Тұрғановтың автоголы тіркелді. Артынша Джош Ачимпонг алыстан дәл соққы жасап, Англияны алға шығарды.

Бірінші тайм аяқталар тұста Сэйф Попов жақын қашықтықтан гол соғып, есепті 2:2-ге жеткізді.

Екінші таймда Англия құрамасы шабуылды күшейтті. Макс Аллейн алаң иелерін қайтадан алға шығарса, Уильям Ланкшир кездесудің соңғы есебін белгіледі - 4:2.

Осылайша, Қазақстан U21 құрамасы сегіз турдан кейін төрт ұпаймен D тобында соңғы орында келеді. Командамыз келесі кездесуін 29 қыркүйекте сырт алаңда Ирландияға қарсы өткізеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу