Волейболдан Қазақстан чемпионына 10 млн теңге берілуі мүмкін

Конференцияда Ұлттық лига, Жоғары лига, U-21 және жастар лигаларында төрешілердің еңбекақысын төлеудің бірыңғай нормативтерін енгізу мәселесі көтерілді.

Волейболдан Қазақстан чемпионына 10 млн теңге берілуі мүмкін ашық дереккөзден

Қазақстан волейбол федерациясының I есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиынға өңірлік федерациялар, спорт ұйымдары мен волейбол клубтарының өкілдері қатысты.

Конференция барысында Қазақстандағы волейболды дамыту, жарыстарды өткізу жүйесін жетілдіру және ұлттық чемпионаттардың сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар төрешілердің еңбекақысы мен чемпионат қатысушыларының тәуліктік шығындарына берілетін өтемақының бірыңғай нормативтерін енгізу ұсынылды.

Жиында Ұлттық лигада жүлде қорын енгізу бастамасы да көтерілді. Ұсынысқа сәйкес, чемпион командаға 10 млн теңге, екінші орын иегеріне 5 млн, үшінші орынға 3 млн, төртінші орынға 1 млн теңге берілуі мүмкін. Осылайша, Ұлттық лиганың ұсынылған жүлде қоры 19 млн теңгені құрайды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу