Қазақстандық үстел теннисінің шеберлері Азиадада өнер көрсетті
Бүгін үш спортшымыз жекелей сында жарыс жолын аяқтады.
ttfrk.kz
Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия Ойындарында үстел теннисінен жекелей сайыстар жалғасып жатыр.
Ерлер арасындағы 1/8 финалда Кирилл Герасименко Қытай Тайбэйінің өкілі Линь Юньжумен кездесіп, 0:4 есебімен жеңілді.
Осы кезеңде Алан Құрманғалиев те жарысты жалғастыра алмады. Қазақстандық спортшы Жапония өкілі Томокадзу Харимотодан 0:4 есебімен есе жіберді.
Әйелдер арасында Зәуреш Акашева Оңтүстік Корея спортшысы Шин Юбинмен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Қазақстан өкілдері үстел теннисінен жекелей сайыста жарыс жолын аяқтады.
XX жазғы Азия Ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу