Қазақстандық спортшы Азиадада әлем рекордын орнатты

Ауыр атлет Алексей Чуркин Азия Ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстандық спортшы Азиадада әлем рекордын орнатты ашық дереккөзден

Жапонияның Аичи префектурасында өтіп жатқан XX жазғы Азия Ойындарында ауыр атлетикадан ерлер арасында 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыс аяқталды.

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин жұлқа көтеру сайысындағы алғашқы мүмкіндігінде 173 келіні көтеріп, әлем рекордын жаңартты. Ал серпе көтеруде 205 келіні бағындырды.

Осылайша, қазақстандық спортшы қос сайыс қорытындысы бойынша 378 келі көрсеткішімен Азия Ойындарының күміс жүлдесін иеленді.

Бұл салмақта КХДР өкілі Кванг Риол Ро 379 келімен (165+214) алтын медаль жеңіп алса, Қытай спортшысы Шуннан Чен 374 келі (163+211) нәтижесімен қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, Алексей Чуркин Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарындағы ауыр атлетикадан екінші күміс медальді салды. Бұған дейін 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Аянат Жұмағали да күміс жүлдегер атанған еді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу