Қазақстан Азиададағы алтын медальдерінің бірінен айырылды

Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесі жойылып, Қазақстан алтыннан қағылды.

Қазақстан Азиададағы алтын медальдерінің бірінен айырылды ашық дереккөзден

Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның Аичи-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия Ойындарындағы марафондық спорттық жүрістен көрсеткен нәтижесі жойылып, спортшы алтын медалінен айырылды. 

Тоқсанбаева 42,195 шақырымдық қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып жеткен еді. Алайда жарыс аяқталғаннан кейін оның пайдаланған аяқ киіміне қатысты наразылық түсті. 

Кейін Тоқсанбаеваның нәтижесі ресми түрде жойылды. Бұған спортшының аяқ киім үлгісінің талаптарға сәйкес келмеуі себеп болды

Осылайша Қытай өкілі Даньцзэн Гоцзун 3:26:09 көрсеткішімен Азия ойындарының чемпионы атанды. Оның отандасы Ма Ли 3:32:26 нәтижесімен күміс медальға ие болса, Жапония өкілі Юкико Умэно 3:34:59 көрсеткішімен қола жүлдені иеленді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу