Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирлерінің жаңа кеңесіне енді
Елена Рыбакина әлемнің жетекші теннисшілерімен бірге «Үлкен дулыға» турнирлерінің болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға қатысады.
ашық дереккөзден
Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирлерінің ойыншылар кеңесінің жаңа құрамына енді.
Жаңа кеңесті «Үлкен дулыға» санатындағы төрт турнирдің - Australian Open, «Ролан Гаррос», Уимблдон және US Open ұйымдастырушылары құрды. Кеңестің басты міндеті - ойыншылар мен турнир басшылығы арасында тікелей байланыс орнатып, жарыстарды өткізуге қатысты маңызды мәселелерді талқылау.
Кеңес құрамына ATP және WTA өкілдерінен алты ойыншыдан, жалпы 12 теннисші кірді. Әйелдер арасындағы өкілдер қатарында Елена Рыбакинадан бөлек Арина Соболенко, Джессика Пегула, Элина Свитолина, Мария Саккари және Ива Йович бар.
Ал ерлер арасындағы кеңес мүшелері ретінде Новак Джокович, Александр Зверев, Бен Шелтон, Феликс Оже-Альяссим, италиялық Лоренцо Музетти, Артур Риндеркнех тағайындалды.
Жаңа кеңестің отырыстарында теннис маусымының күнтізбесі, ойыншыларға медициналық қызмет көрсету және олардың әл-ауқаты, сондай-ақ «Үлкен дулыға» турнирлерінен түсетін кірістер мен жүлде қорын бөлу мәселелері талқыланады.