Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Бұған дейін қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте үшінші орында болған еді.

Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді ашық дереккөзден

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) жаңартылған әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді.

Олимпиада чемпионының қоржынында қазір 4193 ұпай бар. Бұл Шайдоровтың әлемдік рейтингтегі ең жоғары көрсеткіші. 

Рейтинг көшін 4590 ұпаймен америкалық Илья Малинин бастап тұр. Үшінші орынға жапониялық Юма Кагияма орналасты. Оның еншісінде 4123 ұпай бар. Ал үздік бестікті тағы бір жапониялық Шун Сато (3949 ұпай) мен француз Адам Сяо Хим Фа (3660 ұпай) түйіндейді.

Айта кетейік, Шайдоров үшін жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық жарыс Братиславада өткен Ондрей Непела мемориалы болды. Қазақстандық спортшы еркін бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы 272,75 ұпай жинап, жарысты үшінші орынмен аяқтады. Ал, жалпы Михаил Шайдоров халықаралық аренада осы уақытқа дейін 17 медаль жеңіп алған. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу