Қазақстан құрамасы Словакиямен кездеседі

Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге 1 ұпай бар.

Қазақстан құрамасы Словакиямен кездеседі ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы екінші кездесуін бүгін, 29 қыркүйекте өткізеді. Джон ван ’т Шкип шәкірттері сырт алаңда Словакия құрамасымен өзара мықтыны анықтайды. 

Ойын Кошице қаласындағы «Кошице футбол стадионында» өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады. Матчта хорватиялық Патрик Коларич төрешілік етеді. 

Қазақстан құрамасы алғашқы турда сырт алаңда Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түскен болатын. Бұл Джон ван ’т Шкиптің ұлттық құраманың бас бапкері ретіндегі алғашқы ресми матчы еді.

Ал Словакия алғашқы ойында Молдованы 2:0 есебімен жеңіп, үш ұпай еншіледі. Осылайша, бүгінгі кездесу топтағы турнирлік жағдай үшін маңызды матчтардың біріне айналып отыр.

Ойын алдындағы баспасөз мәслихатында Джон ван ’т Шкип Словакияның топтағы фаворит екенін атап өтіп, өз командасының да қарсыласқа қиындық туғызуға мүмкіндігі бар екенін айтты.

«Словакия - топтың фавориті әрі рейтингі ең жоғары команда. Сондықтан сырт алаңдағы ойын оңай болмайды. Дегенмен Фарер аралдарындағы матчтан кейін өзімізге деген сеніміміз артты. Команданың көңіл-күйі жақсы, ойынға дайындық та ойдағыдай өтіп жатыр. Словакияның мықты тұстарын жақсы білеміз, әсіресе шабуылда және қорғаныстан шабуылға ауысқанда қауіпті. Бірақ біздің де мүмкіндігіміз бар», - деді Джон ван ’т Шкип.

Келесі, үшінші турда Қазақстан құрамасы 2 қазанда Молдованы өз алаңында қабылдайды. Сол күні Словакия сырт алаңда Фарер аралдарына қарсы ойнайды

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу