Қазақстандық теннисшілер Азия Ойындарындағы жеңісті жорығын жалғастырды

Бүгін үш қазақстандық теннисші де қарсыластарын тізе бүктірді.

Қазақстандық теннисшілер Азия Ойындарындағы жеңісті жорығын жалғастырды ашық дереккөзден

Аичи-Нагоядағы ХХ жазғы Азия Ойындарында қазақстандық теннисшілер сәтті өнер көрсетіп жатыр. Юлия Путинцева ширек финалға жолдама алса, Александр Шевченко мен Тимофей Скатов келесі кезеңге өтті.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева екінші айналымда Қытай Тайбэйінің өкілі Я-и Янды 6:3, 6:1 есебімен жеңді. Кездесу шамамен бір жарым сағатқа созылды. Осылайша, Путинцева Қазақстан құрамасынан жекелей сында ширек финалға алғаш болып жолдама алды. Оның келесі кезеңдегі қарсыласы әзірге анықталған жоқ.

Ерлер арасында Александр Шевченко екінші кездесуінде Непал өкілі Абхишеп Бастоланы 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің үшінші айналымына өтті.

Ал, Тимофей Скатов екінші айналымда Үндістан өкілі Казра Рахманиді үш сетте ұтты. Қазақстандық теннисші алғашқы сетте 2:6 есебімен жеңілгенімен, кейінгі екі партияда 6:3, 6:3 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу