Маттео Малучелли «Лангкави турында» жеңіске жетті

Үшінші кезеңдегі жеңісінен кейін Малучелли «Лангкави турының» ұпайлар классификациясындағы позициясын одан әрі нығайтты.

Маттео Малучелли «Лангкави турында» жеңіске жетті ашық дереккөзден

Малайзияда өтіп жатқан беделді көпкүндік «Лангкави турының» үшінші кезеңі жаппай спринтпен аяқталды. Мәреге бірінші болып XDS Astana Team командасының италиялық велошабандозы Маттео Малучелли жетті.

Бұл Малучеллидің 2026 жылғы маусымдағы жетінші жеңісі. Ал XDS Astana Team үшін бұл биылғы маусымдағы 30-жеңіс.

Үшінші кезеңде аптап ыстық спортшыларға қиындық туғызды. Малучеллидің айтуынша, жарыс қарқыны аса жоғары болмағанымен, кезең оңайға соқпады. Команда финалға арнайы жоспармен келген. Алайда басқа командалардың да өз тактикасы болғандықтан, жарыс барысында жоспарды өзгертуге тура келген.

Финалдық спринтте Малучеллиге командаластары Аарон Гейт пен Глеб Сырица көмектесті. Олардың ұйымдастырған шабуылынан кейін италиялық спортшы қажетті позицияға орналасқан.

«Лангкави турының» алдағы бағдарламасында екі таулы кезең бар. Малучелли бұл кезеңдерді қалпына келуге мүмкіндік ретінде пайдалануды көздеп отыр. Ал XDS Astana Team таулы кезеңдерде Харольд Мартин Лопестің мүмкіндігін сынап көрмек. Команда оған көмектесіп, сонымен бірге келесі спринтерлік кезеңдерге күш сақтауды жоспарлап отыр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу