Асу Алмабаев UFC турнирінде Кёдзи Хоригучимен кездеседі

21 қарашада Катарда UFC Fight Night турнирі өтеді.

Асу Алмабаев UFC турнирінде Кёдзи Хоригучимен кездеседі UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дегі кезекті жекпе-жегін Жапонияның танымал спортшысы Кёдзи Хоригучиге қарсы октагонға шығады.

UFC рейтингінде бесінші орында тұрған Алмабаев пен сегізінші сатыдағы Хоригучи арасындағы кездесу 21 қарашада Катарда өтетін UFC Fight Night турнирінде өтеді. 

Катардағы турнирдің кардында Алджамейн Стерлинг - Кевин Вальехос, Дэн Хукер - Брайан Ортега, Джаред Каннонир - Икрам Алискеров және Шамиль Газиев - Таллисон Тейшейра жекпе-жектері ұйымдастырылмақ. 

Асу Алмабаевтың кәсіби рекорды - 24 жеңіс және 3 жеңіліс. 

Ал Хоригучи кәсіби мансабында 36 жеңіс пен 6 жеңіліс тіркеген. Жапониялық файтер Rizin және Bellator ұйымдарының бұрынғы чемпионы. Ол UFC-дегі соңғы кездесуінде 20 маусымда Лас-Вегаста өткен турнирдің басты жекпе-жегінде Манел Капеге техникалық нокаутпен жол берген.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу