Қазақстандық паделшілер Азиаданың 1/8 финалында өнер көрсетеді

Падел биыл алғаш рет Азия Ойындарының бағдарламасына енді.

Қазақстандық паделшілер Азиаданың 1/8 финалында өнер көрсетеді ашық дереккөзден

Бүгін Азия Ойындарындағы падел жарысының екінші күні 1/16 финалда Қазақстан атынан төрт жұп жарыс жолына шықты. Нәтижесінде Евгений Данилов пен Тимур Хабибулин қарсыластарын жеңіп, 1/8 финалға жолдама алған жалғыз қазақстандық жұп атанды.

Қалған үш жұп үшін Азия Ойындарындағы жарыс аяқталды. Атап айтқанда ерлер арасында Родион Пак - Жакас Козбак, ал әйелдер арасында Альбина Хабибулина - Мария Синицына және Айгерім Сүлеймен – Татьяна Гиоргацзе жұптары қарсыластарына есе жіберді. 

Евгений Данилов пен Тимур Хабибулин 30 қыркүйекте 1/8 финалдағы кездесуін өткізеді.

Айта кетейік, Азиадада падел жарыстары 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында ұйымдастырылуда.

 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу