Өзбекстан шахмат Олимпиадасының чемпиондарына пәтер және көлік сыйлады
Бұдан бөлек чемпиондардың әрқайсысына 200 мың доллар сыйақы беріледі.
podrobno.uz
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев шахмат және парашахмат Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларын марапаттады.
Шавкат Мирзиёев «Куксарой» резиденциясында спортшылармен кездесіп, Олимпиада чемпиондарына пәтер мен автокөлік берілетінін мәлімдеді. Ұлттық құрамалардың бас жаттықтырушылары да автокөлікпен марапатталды.
Сонымен қатар шахмат Олимпиадасының әрбір чемпионына 200 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі. Олардың жаттықтырушыларына 50 мың доллардан табысталады.
Парашахматтан қола жүлдегерлердің әрқайсысына 50 мың доллар, ал олардың жаттықтырушыларына 12,5 мың доллардан төленеді.
Айта кетейік, шахмат Олимпиадасының соңғы турында Өзбекстан құрамасы Украина командасын 2,5:1,5 есебімен жеңіп, командалық есепте екінші рет алтын медаль иеленді.
Өзбекстан шахматшылары Олимпиададағы алғашқы чемпиондық атағын 2022 жылы Үндістанның Ченнай қаласында өткен жарыста жеңіп алған болатын.