Қазақстан құрамасы Словакияға есе жіберді
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында өз тобында үшінші орынға түсті
ашық дереккөзден
Қазақстан ұлттық құрамасы 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының екінші турында Словакия командасына қарсы кездесу өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу Словакияның Кошице қаласындағы «Кошице футбол аренасында» өтті. Матчтың 26-минутында алаң иелері есеп ашты. Лео Сауэр Қазақстан қақпасына дәл соққы жасап, Словакияны алға шығарды.
Бірінші тайм аяқталуға он минут қалғанда Қазақстан құрамасы есепті теңестірді. 35-минутта Рамазан Кәрімовтің дәл соққысы нәтижесінде есеп 1:1 болды.
Екінші таймда командалар жеңіс голын соғууға талпынды. Кездесудің 82-минутында Словакия құрамасы қайта алға шықты. Ондрей Дуданың пасынан кейін Давид Ганцко Қазақстан қақпасын дәл көздеп, алаң иелеріне жеңіс сыйлады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы екінші турдан кейін бір ұпаймен өз тобында үшінші орында тұр. Словакия алты ұпаймен көш бастап келеді. Фарер аралдарында екі, Молдовада бір ұпай бар.
Ұлттар лигасындағы келесі ойындар 2 қазанда өтеді. Бұл күні Қазақстан құрамасы Молдовамен кездессе, Фарер аралдары Словакияға қарсы ойнайды.