Қос қазақстандық боксшы Азиаданың алтынына таласады
Финалдық жекпе-жектер 2 қазан күні өтеді.
ашық дереккөзден
Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарындағы бокс турнирінің финалистері анықталды. Ерлер мен әйелдер арасындағы шешуші жекпе-жектерде жалпы 12 елдің өкілдері алтын медаль үшін таласады.
Финалға ең көп боксшы шығарған ел - Қытай. Аспан асты елі құрамасының төрт өкілі алтын медаль үшін жұдырықтасады. Өзбекстан мен Үндістаннан үш спортшыдан финалға жолдама алды. Қазақстан, Оңтүстік Корея және Қытайлық Тайбэй құрамаларында екі финалисттен бар.
Жапония, Иордания, Филиппин, Вьетнам, Солтүстік Корея және Таиланд құрамаларынан бір-бір боксшы финалға шықты.
Қазақстан намысын ерлер арасында Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай қорғайды. 70 келіге дейінгі салмақта Сабырхан Иордания өкілі Зияд Ишаишпен кездессе, 90 келіден жоғары салмақта Оралбай Өзбекстан боксшысы Жахонгир Зокировпен жұдырықтасады.
Бокс турнирінің финалдық жекпе-жектері 2 қазанға жоспарланған. Қазақстандық жанкүйерлер Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбайдан Азия ойындарының алтын медалін күтеді.