Александр Бублик China Open турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық спортшы жұптық сында өнер көрсетті.

Александр Бублик China Open турнирінің ширек финалына шықты ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің жұптық сайысын жеңіспен бастады.

Бублик қытайлық теннисші Шан Цзюньчэнмен бірге алғашқы айналымда аргентиналық Франсиско Черундоло мен франциялық Артур Риндеркнех жұбына қарсы ойнады. Қазақстандық-қытайлық дуэт үш сетке созылған тартысты кездесуде 3:6, 6:4, 10:7 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды. Алғашқы партияда жеңіліп қалған Бублик пен Шан екінші сетте таразы басын теңестірді. Ал шешуші тай-брейкте қарсыластарынан басым түсіп, матчтағы жеңісті жұлып әкетті.

Осылайша Александр Бублик пен Шан Цзюньчэн Бейжіңде өтіп жатқан турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Айта кетейік, ертең 1 қазан күні Александр Бублик Қазақстан уақытымен 17.10-да жекелей сында Якуб Меншикпен кездеседі. 
Пекинде өтіп жатқан China Open-2026 турниріне бірқатар танымал теннисшілер қатысқан жоқ. Атап айтқанда, жарыстың қазіргі чемпионы Янник Синнер тізе жарақатына байланысты турнирден бас тартты. Италиялық теннисші Уимблдондағы жеңісінен кейін жарақатына байланысты турнирге қатыса алмады. Сонымен қатар Рафаэль Коллиньон да тізе жарақатына байланысты China Open турнирінен шет қалды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу