«Ақтөбе» «Аяксты» жеңді
Бүгінгі жеңіске қарамастан «Ақтөбе» Еуропа кубогынан шығып қалды.
ашық дереккөзден
«Ақтөбе» әйелдер командасы УЕФА Еуропа кубогының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта Амстердамның «Аякс» клубын жеңді.
Ақтөбеде өткен кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен басым түсті. Матчтағы жалғыз голды 83-минутта Морган Рис соқты.
Алайда алғашқы ойындағы ірі жеңіліс қазақстандық командаға келесі кезеңге өтуге мүмкіндік бермеді. Командалар арасындағы алғашқы кездесу 23 қыркүйекте Нидерландыда өтіп, «Аякс» 8:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша «Аякс» 8:1 есебімен жеңіп, УЕФА Еуропа кубогындағы жолын жалғастырды. Ал «Ақтөбе» әйелдер командасы турнирдегі өнерін аяқтады.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу