«Барыс» «Ақ Барсқа» есе жіберді
«Барыс» қатарынан үшінші ойында жеңіліс тапты.
ашық дереккөзден
Қазан қаласында өткен кездесуде елордалық «Барыс» жергілікті «Ақ Барсқа» қарсы ойнап, 1:5 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесудің алғашқы кезеңінде командалар тең дәрежеде ойнап, астаналық клуб гол соғатын сәттер бойынша аздап басымдық танытты. «Барыс» осы мүмкіндіктерінің бірін голға айналдырды. Логан Дэйдің қақпа алдына бағыттаған пасынан кейін Всеволод Логвин Тимур Билялов қорғаған қақпаның жақын бұрышын дәл көздеп, есеп ашты.
Екінші кезеңде ойын тізгінін «Ақ Барс» өз қолына алды. Қазандықтар қысқа уақыт аралығында үш шайба соғып, есепте алға шықты. Дмитрий Каталевский, Григорий Денисенко және Митчелл Миллер мергендік танытты. Осыдан кейін «Барыс» қақпасына Хантер Шепард шықты.
Үшінші кезеңде алаң иелері өз басымдығын сақтап қалды. Кездесудің соңғы минуттарында Кирилл Семёнов бос қалған «Барыс» қақпасына шайба салып, матчтың қорытынды есебін белгіледі.
Осылайша «Барыс» қыркүйектегі соңғы матчында «Ақ Барсқа» 1:5 есебімен жол берді.
Елордалық команда келесі кездесуін 2 қазанда Нижнекамскіде жергілікті «Нефтехимикке» қарсы өткізеді.