Юлия Путинцева Азиадада қола медаль иеленді

Юлия Путинцева енді жұптық сында жарыс жолын жалғастырады.

Юлия Путинцева Азиадада қола медаль иеленді ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия Ойындарының қола жүлдегері атанды.

Жекелей сындағы жартылай финалда қазақстандық теннисші Қытай өкілі Чжан Шуаймен кездесті. 1 сағат 23 минутқа созылған матчта Қытай теннисшісі 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші партияда қос теннисші тең дәрежеде өнер көрсеткенімен, Чжан Шуай сет соңында басымдық танытып, 6:4 есебімен алға шықты. Екінші партияда қытайлық спортшы қарқынын арттырып, 6:2 есебімен жеңісті түйіндеді.

Осылайша, Юлия Путинцева Азия ойындарының жекелей сындағы жарысын қола медальмен аяқтады.

Қазақстандық теннисші жартылай финалға дейінгі кезеңдерде сенімді өнер көрсетті. Ширек финалда ол Таиланд өкілі Мананчаия Саванкаеваны 6:3, 6:0 есебімен жеңіп, ел қоржынына медаль салған болатын.

Алайда Юлия Путинцеваның Азиададағы жарысы мұнымен аяқталған жоқ. Ол Анна Данилинамен бірге әйелдер арасындағы жұптық сында да Қазақстан намысын қорғап жатыр. Қазақстандық жұп ширек финалда өнер көрсетеді. Жеңіске жеткен жағдайда Путинцева мен Данилина жарыстың жартылай финалына жолдама алып, Қазақстанға теннистен тағы бір медальді қоржынға салады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу