Елена Рыбакинаның Пекиндегі алғашқы қарсыласы анықталды

1/32 финал аясындағы матчтар ертең, 2 қазан күні өтеді.

Елена Рыбакинаның Пекиндегі алғашқы қарсыласы анықталды ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Пекиндегі WTA 1000 санатындағы China Open турнирдегі алғашқы қарсыласы белгілі болды. 

Әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы Армения өкілі Алина Чараева болады.

Чараева турнирдің 1/64 финалында Украина теннисшісі Юлия Стародубцевамен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Үш сағат 14 минутқа созылған матчта армениялық теннисші 5:7, 7:5, 6:2 есебімен басым түсті.

Осылайша, Стародубцева жарысты аяқтаса, Чараева екінші айналымға жолдама алды.

Айта кетейік, «China Open» турнирі 30 қыркүйек пен 11 қазан аралығында өтуде. Рыбакина жарыстың бірінші нөмірлі ракеткасы болып тіркеліп, жоғары рейтингінің арқасында бәсекені екінші айналымнан бастайды.

Күзде Рыбакинаны Қытайда өтетін жарыстардың сериясы күтіп тұр. Қазақстандық теннисші Пекин, Ухань және Нинбо қалаларындағы турнирлерге қатысады.

Пекиндегі WTA 1000 жарысының жеңімпазы 1 151 380 АҚШ доллары көлемінде сыйақы және рейтингтік 1000 ұпайға ие болады.  Ал, жалпы турнирдің жүлде қоры 9 415 725 АҚШ долларын құрайды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу