Азиада: Джиу-джитсудан ел қоржынына екінші медаль түсті
Жібек Құлымбетова Азиадада қола медаль жеңіп алды
ашық дереккөзден
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының джиу-джитсу шебері Жібек Құлымбетова қола жүлдеге ие болды.
Қазақстандық спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Үшінші орын үшін өткен белдесуде Құлымбетова Оңтүстік Корея өкілі Хуивон Чонмен кездесті.
Тартысты жекпе-жек 2:2 есебімен аяқталды. Қосымша көрсеткіштер бойынша қазақстандық спортшының шабуылдағы белсенділігі ескеріліп, жеңіс Жібек Құлымбетоваға берілді. Осылайша ол Азия ойындарының қола медалін иеленді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан бұған дейін бір медаль иеленген. 69 келіге дейінгі салмақта Нұржан Батырбеков Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған болатын.