Төрехан Сабырхан Азиадада Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды
Соңғы 12 жылда алғаш рет ел қоржынына бокстан Азиада алтыны түсті.
ашық дереккөзден
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан чемпион атанды. 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен әлем чемпионы ақтық сында Иордания өкілі Зейад Ишаишпен кездесті. Жекпе-жу барысында қазақстандық спортшы қорғаныста сауатты әрекет етіп, шабуылда да белсенділік танытты. Нәтижесінде Сабырхан барлық раундта басымдық танытып, төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Сабырхан Азиададағы алғашқы жекпе-жегін Қатар боксшысы Мохаммед Дбичиге қарсы өткізіп, 5:0 есебімен жеңді. Ширек финалда Ирак өкілі Әли Касим Хамдан Әл-Сарайды бірінші раундта нокаутқа жіберді. Жартылай финалда Өзбекстан боксшысы Шавкатжан Болтаевтан 5:0 есебімен басым түсті.
Осылайша Төрехан Сабырхан Азия Оойындарындағы алтын жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық боксшылар бұған дейін Азиадада 2014 жылы чемпион атанған еді. Инчхонда өткен додада Данияр Елеусінов 69 келі салмақта топ жарған болатын.