Теннистен қазақстандық дуэт Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Бұл теннистен Азиадада ел қоржынына түскен екінші медаль.

Теннистен қазақстандық дуэт Азия ойындарының қола жүлдегері атанды ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Анна Данилина Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия Ойындарының қола жүлдегері атанды.

Әйелдер арасындағы жұптық сында жартылай финалда қазақстандық дуэт  Қытай Тайбэйінің өкілдері Се Шувэй мен Лян Эньшомен кездесті. Тартысты өткен матч екі сетке созылып, қарсыластардың жеңісімен аяқталды - 6:7 (3:7), 6:7 (5:7).

Осылайша, Путинцева мен Данилина финалға шыға алмай, жарысты жартылай финалда аяқтады. Азия Ойындарында үшінші орын үшін бөлек матч өткізілмейді. Сондықтан жартылай финалда жеңілген екі жұп та қола медаль иеленеді.

Юлия Путинцева үшін бұл Азиададағы екінші қола медаль болды. Бұған дейін қазақстандық теннисші әйелдер арасындағы жекелей сында да үшінші орын алған еді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу