Максим Самородов Фарер аралдарына қарсы матчқа қатысуы мүмкін

Самородовтың трансферлік құны жақында бір миллион еуроға өсіп, төрт миллион еуроға жеткен.

Максим Самородов Фарер аралдарына қарсы матчқа қатысуы мүмкін ашық дереккөзден

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов жарақатынан айығып, УЕФА Ұлттар лигасының 4-турындағы Фарер аралдарына қарсы матчқа қатысуға дайын.

Грозныйдың «Ахмат» клубында өнер көрсететін 24 жастағы футболшы жарақатына байланысты Ұлттар лигасындағы алғашқы үш кездесуді өткізіп алған. Осы уақыт аралығында Самородов Астанада қалып, Қазақстан құрамасының дәрігерлерінің бақылауында болды және қалпына келу процедураларынан өтті.

Қазіргі таңда футболшының жағдайы ұлттық құрама сапында алаңға шығуына мүмкіндік береді. Оның қатарға қосылуы Қазақстан құрамасының шабуыл шебін күшейтеді.

Самородовтың трансферлік құны жақында бір миллион еуроға өсіп, төрт миллион еуроға жеткен. Бұл шамамен 2,03 миллиард теңгеге тең. Осы көрсеткіш бойынша ол Қазақстанның ең қымбат футболшыларының бірі саналады.

Қазақстан - Фарер аралдары матчы 6 қазанда Астанадағы «Астана Аренада» өтеді. Кездесу жергілікті уақытпен сағат 19:00-де басталады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу