World Tennis Tour: Дмитрий Попко айдың үздік ойыншысы атанды

ITF мәліметінше, қазақстандық теннисші 2026 жылы кәсіпқой деңгейде өткізген 43 матчтың 30-ында жеңіске жеткен.

World Tennis Tour: Дмитрий Попко айдың үздік ойыншысы атанды ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко World Tennis Tour-да айдың үздік ойыншысы атанды. 29 жастағы спортшы соңғы 20 кездесуінің 19-ында жеңіске жетіп, осы кезеңде M15 санатындағы үш турнирде чемпион атанды. Сонымен қатар тағы бір жарыста финалға шықты.

Попко Арменияның Цахкадзор қаласында қатарынан екі M15 турнирінде топ жарды. Алғашқы финалда аргентиналық Игнасио Монсонды 6:3, 6:4 есебімен жеңсе, бір аптадан кейін Дмитрий Бессоновтан 6:3, 6:2 есебімен басым түсті.

Кейін қазақстандық теннисші Грузияның Телави қаласында өткен M15 турнирінде де чемпион атанды. Ал Сербияның Куршумлия-Баня қаласындағы жарыста финалға дейін жетті.

Осы нәтижелерінен кейін Дмитрий Попко World Tennis Tour-да айдың үздік ойыншысы атанды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу