Қазақстан U-17 құрамасы Ресейден басым түсті
Құрамалар арасындағы алғашқы кездесу 2:2 есебімен тең аяқталған болатын.
ашық дереккөзден
Шымкентте Қазақстан мен Ресейдің U-17 жасөспірімдер құрамалары арасында екінші жолдастық кездесу өтті. Ойын алаң иелерінің 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Кездесудегі есепті 10-минутта Махманян ашып, Ресей құрамасын алға шығарды. Қазақстандықтар 32-минутта Әнуар Төлендінің голымен таразы басын теңестірді. Ал 79-минутта Ислам Рашидов мергендік танытып, алаң иелеріне жеңіс сыйлады.
Осылайша Қазақстан U-17 құрамасы Ресейге қарсы екінші жолдастық матчта 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, командалар арасындағы алғашқы кездесу 2:2 есебімен тең аяқталған болатын. Матчтан кейінгі пенальти сериясында Ресей футболшылары басым түскен.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу