Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатында бақ сынауда

Бүгін қазақстандық дзюдошылардан Аңсарбек Ғайнуллин татамиге шығады.

Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатында бақ сынауда ашық дереккөзден

Бүгін, 6 қазанда Әзербайжанның Баку қаласында дзюдодан әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасынан ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақта Аңсарбек Ғайнуллин татамиге шығады. Жарыстың алдын ала белдесулері Қазақстан уақытымен сағат 11:30-да басталады, ал финалдық блок 19:00-ге жоспарланған. Белдесулерді JudoTV және Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.

Қазақстандық дзюдошылар бұған дейін әлем чемпионатында бірнеше белдесу өткізіп үлгерді. Нұрқанат Серікбаев әлем чемпионы жапониялық Такэоки Такэшиға қарсы тартысты белдесуде есе жіберіп, жарысты аяқтады.

Ал Ақылжан Нұратқан әлем чемпионатының екінші айналымында 2025 жылғы әлем чемпионатының финалисі, Тәжікстан өкілі Эмомали Нуралиге жол берді.

Сонымен қатар Қазақстанға әлем чемпионатынан жүлдемен оралған спортшыларды бүгін жанкүйерлер Алматы халықаралық әуежайында күтіп алды. Бакуде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Шерзод Давлатов, сондай-ақ Азия ойындарына қатысып, күміс жүлдегер атанған Абиба Абужақынова және әлем чемпионатына қатысқан Ғалия Тынбаева елге оралды. Оларды бір топ жанкүйер әуежайдан салтанатты түрде қарсы алып, спортшыларға қолдау білдірді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу