Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады

Бұл әлем футболы үшін тарихи оқиғаға айналды.

Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады ашық дереккөзден

Аргентина құрамасының және «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады.

39 жастағы футболшы Аргентина құрамасындағы соңғы матчын Буэнос-Айрестегі «Монументаль» стадионында Бенинге қарсы өткізді. Жолдастық кездесу алаң иелерінің 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Месси матчта нәтижелі ойынымен көзге түсті. Ол Николас Отаменди мен Нико Пасқа голдық пас беріп, 71-минутта пенальтиден есепті 3:0-ге жеткізді. Осылайша, шабуылшы ұлттық құрамадағы соңғы ойынында гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Месси Аргентина құрамасындағы дебютін 2005 жылғы тамызда Венгрияға қарсы жолдастық кездесуде өткізген. Ол ұлттық команда сапында 208 матчқа қатысып, 126 гол соқты және 70 нәтижелі пас берді.

Аргентина құрамасымен Месси 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетті. Сонымен қатар 2021 және 2024 жылдары Америка кубогын, 2022 жылы Финалиссиманы жеңіп алды.

Месси 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін 31 тамызда ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеген еді. Сол турнирде Аргентина финалға дейін жетіп, Испаниядан қосымша уақытта 0:1 есебімен жеңілді.

Ұлттық құрамадағы гол саны бойынша Месси халықаралық футбол тарихында Криштиану Роналдудан кейінгі екінші орында тұр. Португалиялық шабуылшының еншісінде 234 матчта 146 гол бар.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу