Жәнібек Әлімханұлы жаңа дивизионда әлем чемпионы атануға мүмкіндік алды

Әлімханұлы WBO президенті Густаво Оливьери жариялаған жекпе-жек туралы ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Жәнібек Әлімханұлы жаңа дивизионда әлем чемпионы атануға мүмкіндік алды ашық дереккөзден

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) кәсіби мансабындағы жаңа сынаққа дайындалып жатыр. Ол екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша бос қалған әлем чемпионы атағы үшін даниялық боксшы Якоб Бэнкпен (20-0, 11 КО) жұдырық түйістіреді.

Бұған дейін WBO ұйымы қос боксшының командаларына жекпе-жек шарттарын 7 қазанға дейін келісуді тапсырған еді. Егер келіссөздер нәтижесіз аяқталса, чемпиондық айқастың қарсыласын анықтау үшін промоутерлік сауда өткізу жоспарланған. Алайда тараптар келісімге келді. 

Бұл кездесу Әлімханұлы үшін жаңа салмақтағы маңызды сынақ болмақ. Екінші орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуі бұған дейін британдық Хамза Ширазға тиесілі болған.

Енді жеңіліп көрмеген Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақта әлем чемпионы атанып, WBO белбеуін қайта иеленуге мүмкіндік алады. Ал оның қарсыласы Якоб Бэнк те кәсіпқой бокста жеңіліссіз келе жатқандықтан, жекпе-жек екі боксшы үшін де жоғары деңгейдегі сынақ болмақ.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу