Алан Құрманғалиев Бейжіңдегі WTT China Youth Smash турниріне қатысады
Әлемнің үздік жас теннисшілері Бейжіңде бас қосады.
ашық дереккөзден
Қазақстандық үстел теннисінің шебері Алан Құрманғалиев Бейжіңде өтетін «WTT China Youth Smash» халықаралық турнирде бақ сынайды.
9-11 қазан аралығында өтетін жарыстың жүлде қоры - 20 мың АҚШ доллары. Турнирге 100-ден астам спортшы қатысады.
Алан Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлемдік рейтингте 9-орында тұр. Жарысқа сондай-ақ жастар арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады. Атап айтқанда рейтингтің үздік ондығындағы Иран өкілі Беньямин Фараджи (№7), Қытай Гонконгының спортшысы Ли Ки Хо (№8) және Қытай Тайбэйінің өкілдері Хунг Чэ-Йен (№10) мен Линь Цзиньтин (№11) өнер көрсетеді. Сондай-ақ Қытайдан Чжоу Гуаньхун (№13) мен Ли Хэчен (№15), Корея Республикасынан Ма Ёнмин сынға түседі.
«WTT China Youth Smash» ересектер арасындағы «WTT China Smash 2026» гранд-турнирінің финалдық кезеңімен қатар өтеді.