Алматыда World Tennis ұйымының Бас ассамблеясы өтеді

Бұл шара Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылмақ.

Алматыда World Tennis ұйымының Бас ассамблеясы өтеді ашық дереккөзден

10-13 қазан аралығында Алматыда World Tennis ұйымының жыл сайынғы Бас ассамблеясы өтеді. Ассамблеяға ұлттық федерациялардың басшылары мен өкілдері, халықаралық және құрлықтық теннис ұйымдарының мүшелері, сарапшылар мен серіктестер қатысады. 

11-13 қазан күндері өтетін отырыстар мен жалпы дауыс беруге әлемнің 137 елінен 262-ден астам делегат қатысады деп жоспарланған. 10-11 қазанда World Tennis директорлар кеңесінің отырыстары өтеді. Ал 13 қазанда ассамблеяның негізгі отырысында әлемдік теннистің алдағы дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылданады. Бас ассамблеяның Алматыда өтуі - Қазақстанға халықаралық теннис қауымдастығының жоғары сенімін көрсетеді. 

Жиын барысында теннисті қолжетімді ету, балалар мен жасөспірімдер теннисін дамыту, спорт инфрақұрылымын жетілдіру, жаттықтырушылар мен төрешілерді даярлау және халықаралық жарыстарды өткізу мәселелері талқыланады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу