Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында жаттығуға кірісті

«Бернли» 10 қазанда сырт алаңда «Уотфордпен» кездеседі.

Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында жаттығуға кірісті ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін ағылшынның «Бернли» клубымен бірге жаттығуға кірісті.

Жарақатына байланысты Сәтпаев Қазақстан құрамасының қыркүйек және қазан айларындағы Ұлттар лигасының матчтарына қатысқан жоқ.

«Бернли» келесі матчын 10 қазанда сырт алаңда «Уотфордқа» қарсы өткізеді. Алайда Сәтпаевтың бұл кездесуге қатысуы әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Дастан соңғы рет 2 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы ойында алаңға шыққан. Ақпаратқа сәйкес, оның негізгі клубы саналатын «Челси» футболшының оңалу процесін бақылауға алып, қазақстандық ойыншы Кобхэмдегі жаттығу базасында медициналық тексеруден өткізген. Лондон клубы Сәтпаевтың осы маусымда бірінші команда деңгейінде көбірек ойын тәжірибесін жинақтауын көздеп отыр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу