Александер Чеферин УЕФА президенттігіне қайта сайлануға ниетті
Жиын Берлинде өтті.
ашық дереккөзден
УЕФА президенті Александер Чеферин ұйым басшысы қызметіне соңғы мерзімге қайта сайлануға келісім берді. Бұл шешім УЕФА-ға мүше 55 ұлттық қауымдастықтың оның кандидатурасын қайта қарауды бірауыздан сұрауынан кейін қабылданды.
Чеферин 2027 жылғы 22 сәуірде Астанада өтетін УЕФА-ның 51-ші кезекті конгресінде қайта сайлануға ниетті екенін растады.
«Соңғы жылдары біз ерекше қиындықтарға тап болдық. Бірақ оларды бір команда ретінде еңсердік. Алда әлі маңызды жұмыстар бар. Менің мақсатым өзгерген жоқ: Еуропа футболының бірлігін сақтау, оны күшейту және УЕФА-ны келесі ұрпаққа дайындау», - деді Чеферин жиын барысында.
Берлиндегі кездесуде ФИФА-ның болашақ басқару жүйесі де талқыланды.
ФИФА реформасы мен болашақ басшылығы мәселелері бойынша талқылау жалғасады. УЕФА-ға мүше 55 ұлттық қауымдастықтың келесі кездесуі 2026 жылғы 17 қарашаға дейін өтеді.