Бек Нұрмағанбет Канелоның бокс кешінде жұдырықтасады

Бек Нұрмағанбет Канелоның тұрақты спарринг-серіктестерінің бірі.

Бек Нұрмағанбет Канелоның бокс кешінде жұдырықтасады ашық дереккөзден

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет 31 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді.

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыздың жекпе-жегі мексикалық Сауль «Канело» Альварес (63-3-2, 39 KO) пен Кристиан Мбилли (29-0-1, 24 KO) арасындағы басты кездесудің андеркардында үшінші болып өтеді.

«Мексика әлемге қарсы» форматында ұйымдастырылатын бокс кешінде Бек Нұрмағанбеттің қарсыласы 37 жастағы мексикалық боксшы Маркос Васкес (21-3-1, 10 KO) болмақ.

«Жақында менің кезекті жекпе-жегім өтеді. 31 қазан күні Маркос Васкеске қарсы рингке шығамын. Бұл мен үшін маңызды кезең және алға қарай тағы бір қадам. Алда маңызды жекпе-жек күтіп тұр. Оған бар күшімді салып дайындалып жатырмын.

Мені қолдап, сенім білдіріп жүрген баршаңызға рақмет! Қазақстан, қолдауларыңызды күтемін! Рингте кездескенше!» - деді Бек Нұрмағанбет Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет Канелоның тұрақты спарринг-серіктестерінің бірі. Қазақстандық боксшының мүддесін Canelo Promotions компаниясы қорғайды. Оның менеджері Канелоның жаттықтырушысы әрі менеджері Эдди Рейносо.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу