Үш матч, үш жеңіліс: Қазақстан әйелдер құрамалары қарсыластарына есе жіберді

Қазақстан әйелдер құрамалары қарсылас қақпасына бірде-бір гол соға алмады.

Үш матч, үш жеңіліс: Қазақстан әйелдер құрамалары қарсыластарына есе жіберді ашық дереккөзден

Қазақстанның әйелдер арасындағы үш футбол құрамасы бір күнде халықаралық жарыстарда ірі есеппен жеңіліс тапты. Бүгін Қазақстан U-17 құрамасы Германиядан, U-19 құрамасы Чехиядан, ал ұлттық құрамамыз Ирландиядан ұтылды.

17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының 2027 жылғы іріктеу кезеңінің бірінші турында Германиямен кездесіп, 0:9 есебімен жеңілді. Франкфуртта өткен матчта неміс футболшылары Қазақстан құрамасының қақпасына тоғыз гол соқты.

Свеня Луизе Хеке екінші минутта есеп ашса, Эла Курал 25 және 56-минуттарда дубль жасады. Матильда Шютте де екі рет мергендік танытып, 29 және 45+1-минуттарда гол соқты. Сонымен қатар Теа Краус, Эмилия Ватермайер және Анни Куль бір-бір голдан енгізді. Қазақстан құрамасының ойыншысы Айнель Сманова 42-минутта автогол авторы атанды.

Ал 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының 2027 жылғы іріктеу кезеңінің бірінші раундындағы екінші турда Чехиямен кездесті. Мальтада өткен матчта қазақстандық футболшылар 0:9 есебімен жеңіліп, қарсылас қақпасына гол соға алмады.

Қазақстанның әйелдер арасындағы ұлттық құрамасы да сәтсіз өнер көрсетті. Әлем чемпионатының 2027 жылғы іріктеу кезеңінің бірінші раундындағы плей-офф бәсекесінде Ирландияға 0:8 есебімен жол берді. «Астана Аренада» өткен кездесуде қонақтар жеті гол соғып, Қазақстан құрамасының ойыншысы Юлия Мясникованың 30-минутта алаңнан қуылуын да сәтті пайдаланды.

Ирландия сапынан Кира Каруса 7 және 28-минуттарда дубль жасады. Клои Мустаки, Эмили Мерфи, Эбби Ларкин, Джейми Финн, Шанаде Хопкрофт және Джесси Стэплтон да гол соғып, командасының ірі жеңісіне үлес қосты. Қазақстан құрамасының ойыншысы Қазына Норбаева 90+3-минутта ескерту алды.

Алдағы уақытта U-19 құрамасы 12 қазанда Мальтамен, U-17 құрамасы сол күні Чехиямен кездеседі. Ал ұлттық құрама Ирландияға қарсы қарымта ойынын 13 қазанда Корк қаласында өткізеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу