Маттео Малучелли «Кюсю турының» алғашқы кезеңінде жеңіске жетті

Бұл италиялық шабандоздың биылғы маусымдағы тоғызыншы жеңісі.

Маттео Малучелли «Кюсю турының» алғашқы кезеңінде жеңіске жетті ашық дереккөзден

Жапонияда өтіп жатқан көпкүндік «Кюсю туры» веложарысының алғашқы кезеңінде XDS Astana Team командасының велошабандозы Маттео Малучелли жеңіске жетті. Ол Фукуока қаласында мәреге жеткен кезеңді жаппай спринтте бірінші болып аяқтады.

Бұл кезеңде XDS Astana Development Team өкілі Алессио Делле Ведове үшінші орынға ие болса, команданың стажері Никифорос Арваниту мәре сызығын тоғызыншы болып кесті.

Маттео Малучелли командаластарының еңбегін жоғары бағалады. Оның айтуынша, команда кезеңнің жаппай спринтпен аяқталуы мүмкін екенін алдын ала болжап, мәреге дайындыққа ерекше көңіл бөлген. Велошабандоздар соңғы бұрылыстан алдыңғы қатарда өтіп, спринтке қолайлы позицияны сақтап қалуды көздеген.

«Никифорос Арваниту маған мінсіз қолдау көрсетті. Ол спринт алдындағы қарқынды жақсы ұйымдастырды, ал маған тек жеңіске жету қалды», - деді Малучелли.

Алғашқы кезеңнен кейін Маттео Малучелли «Кюсю турының» жалпы есебінде және ұпайлар классификациясында көш бастады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу