Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатын 1 күміс медальмен аяқтады
Биылғы додаға 93 елден 622 дзюдошы қатысып жатыр.
ашық дереккөзден
Бүгін қазақстандық дзюдошылар Камила Берліқаш пен Ақерке Рамазанова Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы белдесулерінен жеңіліп қалды.
1/16 финалда 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Камила Берліқаш бельгиялық Габриэль Бувьеге жол берсе, Ақерке Рамазанова мысырлық Сафа Солиманнан иппон әдісімен жеңілді. Осылайша, Қазақстан құрамасының екі өкілі де жарысты алғашқы белдесулерінен кейін аяқтады.
Қазақстан құрамасының қоржынында әлем чемпионатының бір ғана жүлдесі бар. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Шерзод Давлатов күміс медаль иеленді.
Осылайша Бакуде дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғаған 13 дзюдошының тек біреуі ғана жүлдегерлер қатарынан табылды.