Дзюдодан әлем чемпионатының туы Қазақстанға табысталды
Әлем чемпионаты 2027 жылғы 7-14 маусым аралығында өтеді.
Judoteam
2027 жылы Астанада өтетін дзюдодан әлем чемпионатының туы Қазақстанға табысталды. Салтанатты рәсім Бакуде өтіп жатқан әлем біріншілігі аясында ұйымдастырылды.
Әзербайжан дзюдо федерациясының вице-президенті Эльнур Мамедли жарыстың туын Халықаралық дзюдо федерациясына (IJF) қайтарды. Ал IJF бас хатшысы Лиза Аллан туды Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевке табыстады.
Әлем чемпионаты 2027 жылғы 7-14 маусым аралығында өтеді. Бұл жарыс 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіндегі маңызды додалардың бірі болмақ.
Әлем чемпионаты 12 жылдан кейін қайта Қазақстанда өтеді. Бұған дейін Астана 2015 жылы әлем біріншілігін қабылдаған. Сонымен қатар, 2023-2026 жылдары еліміз төрт жыл қатарынан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирін ұйымдастырды.
Айта кетейік, Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, күміс жүлдегер атанды. Ал, бүгін 11 қазанда дзюдошыларымыз аралас командалық жарыста өнер көрсетіп, 1:4 есебімен жарыс жолын аяқтады. Осылайша Қазақстан құрамасы Бакуде тек 1 медальға қол жеткізді. Әлем біріншілігінде Қазақстан атынан 13 спортшы өнер көрсетті.