Алан Құрманғалиев Бейжіңде жастар арасындағы Азия чемпионын тізе бүктірді

Алан Құрманғалиев Бейжіңдегі турнирдің жартылай финалына шықты.

Алан Құрманғалиев Бейжіңде жастар арасындағы Азия чемпионын тізе бүктірді ашық дереккөзден

Қазақстандық Алан Құрманғалиев Бейжіңде өтіп жатқан «WTT China Youth Smash» жастар арасындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда қарағандылық спортшы Қытай өкілі Чжоу Гуаньхунды 4:1 есебімен жеңді.

9-11 қазан аралығында өтіп жатқан жарыстың жүлде қоры 20 мың АҚШ долларын құрайды. Турнирге 100-ден астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында жастар арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Айта кетейік, Алан Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлемдік рейтингте тоғызыншы орында тұр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу