Дастан Сәтпаев «Бёрнлидің» жеңісіне үлес қосты

Ники Хайен Дастанның ойынына жоғары баға берді.

Дастан Сәтпаев «Бёрнлидің» жеңісіне үлес қосты ашық дереккөзден

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бёрнли» Англия чемпионатының тоғызыншы турында «Уотфордты» 4:0 есебімен жеңді.

Қазақстандық футболшы алаңға 74-минутта қосылды. Ойын соңында ол Джейми Вардиге нәтижелі пас бергенімен, ағылшын шабуылшысының голы офсайдқа байланысты есепке алынбады. Сондай-ақ Сәтпаев Маркус Эдвардсқа тамаша пас шығарып, гол соғуға мүмкіндік жасады. 

«Бёрнлидің» бас бапкері Ники Хайен матчтан кейін алаңға қосалқы құрамнан шыққан футболшылардың ойынына жоғары баға берді.

«Алаңға қосылған жігіттер де тамаша өнер көрсетті. Джейми гол соқты, бірақ офсайдқа байланысты есепке алынбады. Дастан гол соғуға біртабан жақын болды. Ал кейін Маркус керемет гол салды. Үзіліс кезінде тыңғылықты жұмыс істеп, нені өзгерту керегін талдадық. Бұл жеңіс бізге серпін береді», - деді Ники Хайен клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Бұл «Бёрнлидің» осы маусымдағы алғашқы жеңісі. Команда жеті ұпай жинап, Чемпионшип кестесінде 24-орыннан 22-сатыға көтерілді. Ал «Уотфорд» сегіз ұпаймен 20-орында тұр.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев «Бёрнли» сапында бес матч өткізді. Оның төртеуі Чемпионшипте, біреуі Англия кубогында болды.

Келесі турда «Бёрнли» 13 қазанда өз алаңында «Чарльтон Атлетикпен» кездеседі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу