«Ордабасы» «Қайсарды» ірі есеппен жеңді

«Ордабасы» көшбасшылығын нығайтты.

«Ордабасы» «Қайсарды» ірі есеппен жеңді ашық дереккөзден

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 28-туры аясында бүгін Шымкенттің «Ордабасы» клубы сырт алаңда қызылордалық «Қайсарды» 4:1 есебімен жеңді.

Кездесудің 15-минутында норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсен пенальтиден гол соғып, қонақтарды алға шығарды. Ал 33-минутта ол тағы бір мәрте мергендік танытып, дубль авторы атанды.

Бірінші таймның соңында Клайдер Маседо есеп айырмасын қысқартты.

Алайда екінші таймда «Ордабасы» басымдығын сақтап қалды. 53-минутта Давид Абагна үшінші голды соқса, 72-минутта Бьорн Йонсен тағы да көзге түсіп, хет-трик авторы атанды. Осылайша, кездесу 4:1 есебімен шымкенттік клубтың пайдасына аяқталды.

Бұл жеңістен кейін «Ордабасы» 64 ұпай жинап, турнир кестесінде көшбасшылығын нығайтты. Шымкенттік клуб алматылық «Қайраттан» төрт ұпайға ұзап кетті. Ал «Қайсар» 24 ұпаймен турнир кестесінде 15-орнында қалып қойды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу