Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды
Финалда Алан Қытай теннисшісіне есе жіберді.
ашық дереккөзден
Үстел теннисінің шебері Алан Құрманғалиев Бейжіңде жастар арасында өткен «WTT China Youth Smash» турнирінде күміс жүлдеге ие болды.
Отандасымыз финалға дейін қатарынан алты кездесуде жеңіске жетті. Ол қытайлық Тайбэй өкілі Чен Кай-Ченгті 4:0, ирандық Мұхаммад Хабибиді 4:2, малайзиялық Ли Хонг Анды 4:1, сингапурлық Тан Николасты 4:2, қытайлық Чжоу Гуаньхунды 4:1 және У Ифэйді 4:3 есебімен жеңді.
Шешуші кездесуде Алан Қытай өкілі Тан Ижэньмен шеберлік байқасып, 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, қазақстандық спортшы халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, 9-11 қазан аралығында өткен «WTT China Youth Smash» турнирінің жүлде қоры 20 мың АҚШ долларын құрады. Жарысқа 100-ден астам спортшы қатысты.