Аламгир Смақов Түркия чемпионатында тағы да көзге түсті
Аламгир Смақов түрік клубы сапындағы голдарының санын беске жеткізді.
bjkakademi
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы Самат Смақовтың ұлы Аламгир Смақов Түркияның «Бешикташ» клубының U-19 командасы сапында кезекті голын соқты.
18 жастағы жартылай қорғаушы Түркияның 19 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы чемпионатының алтыншы турында «Коджаэлиспорға» қарсы матчта кездесудің 53-минутында мергендігімен көзге түсті.
Ойын қорытындысы бойынша «Бешикташ» 3:1 есебімен жеңіске жетті. Стамбұлдық клуб сапында Туна Демир 36 және 66-минуттарда гол соғып, дубль авторы атанды.
Осылайша, «Бешикташ» чемпионаттағы алты ойында да жеңіске жетіп, 18 ұпаймен турнир кестесінде мінсіз көрсеткішке қол жеткізіп отыр.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу