«Манчестер Сити» «Ливерпульді» ірі есеппен жеңді

Англия премьер-лигасының алтыншы тур ойындары өтті.

«Манчестер Сити» «Ливерпульді» ірі есеппен жеңді ашық дереккөзден

«Манчестер Сити» Англия чемпионатында сырт алаңда «Ливерпульді» 3:0 есебімен жеңді. Кездесудің алғашқы жартысында алаң иелері допқа көбірек иелік етіп, шабуылда белсенділік танытты. Алайда «Манчестер Сити» қорғаныста сенімді ойнап, қарсыласына қауіпті сәттер жасауға мүмкіндік бермеді. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ.

Үзілістен кейін «Ливерпуль» бірнеше рет гол соғуға жақын болғанымен, Джанлуиджи Доннарумма қақпасын қорғап қалды. Ал 60-минутта Эрлинг Холанд қақпашымен бетпе-бет шыққанымен, допты қақпаға дәл бағыттай алмады.

62-минутта Райан Гравенберх Жереми Докуға қарсы ереже бұзып, екінші сары қағазын алды. Осылайша, «Ливерпуль» алаңда он ойыншымен қалды.

«Манчестер Сити» сан басымдығын бірден пайдаланды. 63-минутта Эрлинг Холанд есеп ашса, арада көп уақыт өтпей Жереми Доку сол қапталдан айып алаңына кіріп, допты қақпаның алыс бұрышына дәл бағыттады.

78-минутта Райан Шерки үшінші голды соғып, ойынның нүктесін қойды. Қалған уақытта есеп өзгерген жоқ. Осылайша, «Манчестер Сити» сырт алаңда «Ливерпульді» 3:0 есебімен жеңіп, чемпионаттағы жеңісті сериясын жалғастырды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу