Қазақстан U-16 құрамасы Batumi Cup 2026 турнирінің күміс жүлдегері атанды

Финалда қазақстандық футболшылар «Вильярреалға» есе жіберді.

Қазақстан U-16 құрамасы Batumi Cup 2026 турнирінің күміс жүлдегері атанды ашық дереккөзден

Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Грузияда өткен Batumi Cup 2026 халықаралық турнирінде екінші орын иеленді.

Есімбек Нұрахметов жаттықтыратын команда жарысты сәтті бастап, алғашқы матчта «Динамо Батуми» клубын 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл кездесуде Дастан Рүстем, Сержан Жанмұрат және Максим Бонет бір-бір голдан соқса, Мансұр Ақылбек дубль авторы атанды.

Кейін қазақстандық футболшылар «Иберия 1999» командасымен 1:1 есебімен тең түсті. Бұл ойында Дастан Рүстем көзге түсті. Испаниялық «Вильярреалға» қарсы кездесуде де тараптар жеңімпазды анықтай алмай, матч 1:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының жалғыз голын Никита Духов соқты.

Ал «Динамо Тбилиси» командасына қарсы ойында отандастарымыз 2:0 есебімен жеңіске жетті. Никита Духов пен Әлихан Қуандықтың голдары Қазақстан құрамасына жартылай финал жолдамасын сыйлады.

Алайда финалда қазақстандық жасөспірімдер «Вильярреалмен» қайта кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Қазақстан U-16 құрамасы Batumi Cup 2026 халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу