Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында бақ сынайды
Қазақстан әйелдер құрамасы 11 қазанға дейін Алматы қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізді.
ашық дереккөзден
15-18 қазан аралығында Жапонияның Саппоро қаласында әйелдер арасындағы хоккейден Азия чемпионаты өтеді.
Құрлықтық додаға Қазақстан, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея құрамалары қатысады. Командалар өзара айналмалы жүйе бойынша ойнап, әрқайсысы үш матчтан өткізеді.
Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы кездесуін 15 қазанда алаң иелері Жапонияға қарсы өткізеді. 17 қазанда Қытаймен кездессе, 18 қазанда Оңтүстік Корея құрамасымен күш сынасады.
Қазақстан құрамасының ойыншылар құрамы:
Қақпашылар: Вероника Агеева, Арина Щеколова («Томирис»), Полина Говтва («Алматы»).
Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай («Томирис»), Катрин Мескини, Полина Яковлева («Торпедо»), Аида Олжабаева, Анна Пяткова («Алматы»), Мадина Турсынова («Айсулу»).
Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Пернеш Ашимова, Елизавета Дюндина, София Зубкова, Лариса Свиридова («Алматы»), Дильназ Саяхаткызы, Мунира Саяхаткызы («Торпедо»), Екатерина Куценко, София Муравьева, Мадианна Нусупова, Анастасия Оразбаева, Александра Шегай («Томирис»).